​«Бірлік» этнофестивалі өтті

​«Бірлік» этнофестивалі өтті

Өткен жексенбіде Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі мен «Кенжекөл жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бірлік» этнофестивалі өтті. Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен өткен шара этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту, этномәдени бірлестік өкілдері арасындағы ынтымақтастықты арттыру, рухани және мәдени саладағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды.

Аталмыш іс-шараға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқытушылар құрамы, оқушылар мен студенттер қатысты.

Фестиваль ұйымдастырушылардың құттықтау сөздерімен басталып, мемлекеттік тілдің және өз ана тілінің дамуына үлес қосып, халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері мен ұлттық мәдениетін насихаттау жолында еңбек етіп жүрген оқытушыларды алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттаумен жалғасты. Ұлттық жаңғыру мектебінің тәрбиеленушілері шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, кештің өз деңгейінде өтуіне атсалысты.