​Ауыл атаулары ауысты

​Ауыл атаулары ауысты

Ақмола облысы Атбасар ауданына қарасты Новоалександровка және Воздвиженка ауылдарының атауы Бастау, Нұресіл деп ауыстырылды. Облыстық мәслихаттың 2016 жылдың 12 желтоқсандағы кезекті сессиясында талқыланған қайта атау мәселесі қолдау тауып, әділет органдарына тіркелді.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласынан 3 балабақша, 1 мектеп, Атбасар ауданынан – 1 балабақша, Аршалы ауданынан – 1 мектеп, Қорғалжын ауданынан – 1 мектепті қайта атау туралы мәселе облыстық мәслихат сессиясында қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды. Нәтижесінде Аршалы ауданының мектебіне Ж.Ташенов есімін беру мақұлданды. Игі үрдіс Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ІІІ бағыты аясында жүзеге асады.

Жалпы, 2016 жылы Ақмола облысы бойынша 300-ден аса атау беру және қайта атау ұсыныстары қаралып, оның 272-сі қолдау тапты. Алдағы уақытта аймақтағы ауыл, көше, нысан аттары жаңартылатын болады.