Тіл курстары өткізілуде

Тіл курстары өткізілуде

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, дәстүрлі «Мемлекеттік қызметшінің тілдік құзыреттілігін жетілдіру» атты тілдік біліктілікті арттыру семинарын жүргізіп келеді.

Академия ересек аудиторияны, соның ішінде, мемлекеттік қызметшілердің тілдік дағдысын жетілдіруді ғылыми тұрғыдан зерттеп, интенсивті және қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдері мен әдістемелерін әзірледі. Жаңа форматтағы оқытудың артықшылығы – тыңдаушылар мемлекеттік және ағылшын тілдерін қашықтықтан оқу арқылы да үйрене алады.

Ағымдағы жылдың 13 сәуір – 13 қазан аралығында белгіленген семинар барысында мемлекеттік қызметкерлер «Ресми-іскерлік қазақ тілі», «Ресми жазылым және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Сөз мәдениеті және риторика», «Ағылшын тілінде сөйлеу және жазу дағдылары», «Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» тақырыптарында интенсивті-тренингтер мен «Мемлекеттік қызметшінің оқу, жазу, сөйлеуге жазбаша дайындық дағдыларын тыңдау, тыңдап түсіну дағдыларын А1-А2, В1 деңгейлерінде қалыптастыру» тақырыбындағы қашықтықтан оқыту курстарына қатыса алады. Мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін қаншалықты меңгергендігі тестілеу арқылы анықталады.