Қазақтілді халықтың үлесі — 82 %

Қазақтілді халықтың үлесі — 82 %

Тәуелсіздік жылдарында қазақтілді халықтың үлесі 37 пайыздан 2015 жылы 76,3 пайызға ұлғайған, ал 2016 жылдың соңында 82,3 пайызға жетті. Қазақ тілін үйренушілердің де қатары артып келеді. 2015 жылы 22,3 пайызға артқан. Орыстілді жұртшылықтың үлесі 0,6 пайызға азайып, 89,4 пайызды құрап отыр. Зерттеу нәтижелерін ranking.kz сайты жариялаған болатын.

Тілді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2025 жылы елімізде қазақ тілі қолданушыларының саны 95 пайызға жетеді. Халықтың көпшілігі қазақ тілінде сөйлейтін болады. Яғни 95 пайызы қазақ тілін, 90 пайызы орыс тілін еркін меңгереді.

Білім беру саласында да қазақ тілінің беделі артып келеді. Қазақ тілінде мектеп бітіргендердің үлесі 68 пайыздан 70 пайызға ұлғайып отыр. Қазіргі таңда елімізде 3,8 мың мектеп қазақ тілінде білім береді. Бұл жалпы көлемінің 53 пайызын құрайды, 2015 жылы бұл көрсеткіш 51 пайыз болған, ал 1991 жылы тіпті 32 пайызды ғана құраса керек.