Ерлан Қарин: Латынға көшу – ұлттық сананың трансформациялануы

Ерлан Қарин: Латынға көшу – ұлттық сананың трансформациялануы

Қазақ алфавитінің латынға көшудегі маңызы мен мәні турасындағы мамандар дискуссиясы әлі де жалғасын табуда. Бұл реформаның мақсаты мен оның артында қандай гәп жатқанын және түпкі сырын тауып, көпшілік талқысына сала бергеннен Қазақстанның беделі өсіп, мақсаты айқын болмасы анық. Десе де осы мәселе төңірегінде Ресейдің М.В.Ломоносов атындағы мәскеу мемлекеттік университеті Тарих факультеті жанындағы постсоветтік елдердің қоғамдық-саяси процесін үйрену Ақпараттық-сараптамалық орталағы сайтында жарияланған «Қазақстан» РТРК» АҚ-тың төрағасы Ерлан Қаринның тұшымды пікірін ұсынуды жөн санап отырмыз.

Қазақ жазуының жоспарлы реформасы турасында пікірталастардың белсенді болатыны әубастан белгілі болған. Алайда дәл осы пікірталастардың бір жағы бұл мәселені саясатқа, геосаясатқа әкеліп тірейді. Осы орайда тағы да бір рет мәселенің анық-қанығын айту керек.

Біріншіден, латын графикасына көшу әуел баста мақсат етілген жоспар. Оған мемлекетіміз кезең-кезеңмен жақындап отырды. Бұл мәселенің мән-жайын түсінбей жүргендер үшін айтып кетейін: президент латын графикасына көшу қажеттілігін ең алғаш рет 2006 жылы айтқан болатын. Ол Қазақстандағы этносаралық бірлік институты – Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында айтылды. Арада көп ұзамай президент Назарбаев 2012 жылғы өзінің жолдауында латын қарпіне көшу тақырыбын өрбітіп, оны 2025 жылы аяқтайтындай етіп қойды. Және сол «Жолдау-2012» кезінде мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясын құрды. Бұл - ұзақ мерзімге арналған мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттары бекітілген құжат. Сонымен қатар, реформалардың тәжірибе жүзінде жүзеге асуы, яғни президент өз бағдарламалы мақаласында айтқаныңдай бұл заңдылық, ойластырылған қадам. Ол бұрын қабылданған стратегияның жалпы логикасына сәйкес келеді. «Барлығы жоспар бойынша» демекші, мамандар үшін де жаңалық ашылған жоқ, ешнәрсе аяқ астынан болған жоқ екендігін ескерткім келеді.

Келесі. Тіл графикасына қатысты реформаны тек қан қазақ тілінің модернизациялануы тұрғысынан қарастыру керек. Бұл тек тіл графикасына ғана қатысты екенің атап айтқым келеді. Біз өзге тілге көшіп жатқан жоқпыз, тек графиканы модернизациялаймыз. Латын қарпі алғаш рет кеңестік кезеңде енгізілген графика екенін ескерсек, сонымен бірге барлық түркі халықтары (Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан) әлдеқашан оған көшіп кеткенін айта отыра, латын графикасының түркі тілдерінің фонетикалық құрылымына біршама жақын екенін де атап өткен жөн. Және аталған елдердің сыртқы саяси бағытына әсер еткен латын графикасына көшу болды ма?

Латын графикасына көшу мәселесін эмоцияға берілмей, тереңірек ойланатын болсақ, ол тек қана тілдің қолайлылығы мен функционалдылығына байланысты. Мұнда ешқандай саясаттың, тіпті геосаясаттың иісі жоқ.

Қазақстан түркі тілді елдерінің ішінде латын графикасына көшпекші болып отырған соңғы елдердің бірі. Иә, латын графикасына көшу – өркениеттік мәселе. Ашық және глобалды әлем пайдасына таңдауымыз - қазақ тілі жаңа динамика мен дамуға, популиризациялануға мүмкіндік, бағыт алып отыр. Бүгінде көптеген тілдер жаһандық процестер тарапынан қысым алуда. Осы орайда Қазақстанның латынға көшуі - білім саласына байланысты басқа да реформалармен тығыз байланыста. Демек, бұл жаһандану кезеңіндегі ұлттың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға бағытталған ұлттық білім жобасы болмақ.

Және соңғысы. Латынға көшу – басты мақсат емес. Ең бастысы - ұлттық сананың трансформациялануы, өзгеруі. Елбасы дәстүр мен заманауилық арасында тепе-теңдікте тұруға тиісті қазақстандық модернизация бағдарламасын енгізудің жүйесін ұсынды. Ол тек өткенге, бұрынғыға жалтақтай бермеуге, жаңаны да қуып артынан еріп кетпеуге шақырады. Осы орайда Ресей мен Қазақстанның концепциялары ұқсас: тарихи тамырларды жоққа шығарып, жаңаға да, шетелге де еліктемеу қажет.

Бүгінгі таңда президент Назарбаев жалпымойындалған ұлттық лидер ретінде бірнеше жаңа қоғамдық идеологемаларды қалап жатыр, олардың ең бастылары - білім мен білгірлік. Елбасы мақаласының, жалпы стратегиясының мәні осында жатыр. Негізінен, Қазақстан үшін бұл өз бетінше ұлттық идеяға айналуы керек. Жазу реформасынан тыс Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда өзгеріп жатқан тарихи шындыққа бейімдеудің басқа да бірнеше қадамын айқындады. Латын қарпіне өту (дұрысы оралу) бұл бар болғаны бір құралы ғана. Басқа ештеңе емес.