Тегін оқыту курстарына шақырамыз!

Тегін оқыту курстарына шақырамыз!

​Республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында тегін тіл үйрету курстарын өткізеді. Мемлекеттік тіл мен ұлттық (ана) тілдерді оқыту курсы этномәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептерде ұйымдастырылады. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, төл тілін оқуға мүдделі этникалық топ өкілдерінің өз тілін үйренуіне мүмкіндік жасайтын тіл курсы ағымдағы жылдың 15 сәуір - 15 қараша аралығында жүргізіледі.

Мемлекеттік тіл 26, ұлттық тіл 24 этнос өкілдеріне оқытылады. Тегін тіл курсына этностық топтардың өкілдері, ұлттық-мәдени бірлестіктердің басшылары, мүшелері және қазақ тілін, туған тілін оқып үйренуге мүдделі өзге де азаматтар қатыса алады.

Мемлекеттік тілді - 500, ұлттық тілдерді – 500 ерікті азаматтар оқи алады. Әрбір топ 10-12 тіл үйренушіден құралып, тыңғылықты жұмыс жасалады. Аталмыш жоба Алматы қаласы мен республиканың жекелеген өңірлерінде республикалық/аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктерде (Тараз қ., Павлодар қ., Өскемен қ., Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе кенті мен Шымкент қ.) жүргізіледі. Курс қорытындысында қатысушыларға сертификат табысталады.