Ақтауда ілеспе аудармадан семинар өтеді

Ақтауда ілеспе аудармадан семинар өтеді

Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы 

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға ілеспе аударма жасайтын мамандар: ізбе-із аудармашы мен ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 10-14 сәуір аралығында "Holiday Inn Aktau" (Холидей Инн Актау, Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, 73 ғимарат) қонақүйінде қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жүргізуді үйретуге бағытталған оқыту семинарын өткізеді.

Семинарда аударма теориясы, жазбаша және ауызша аударма ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық модельдер, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасының және аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөліседі.