Абыздың жары 3 бөлім

Абыздың жары 3 бөлім

Атақты жазушы, Әбіш Кекілбайдың отыздан асқан шағында әскери борышын өтегенін білесіз бе? Кеңес Үкіметі мен Қытай қатынасы ушыққан кезеңде қаламгердің қаламын қаруға алмастырғанын естіп пе едіңіз? Тіпті Кекілбайдың ұлы көреалмаушылардың қасақана харекетімен Ауғанстанға аударыла жаздаған... Заманымыздың заңғар тұлғасы Әбіш Кекілбайдың көктемі мен күзі жайлы жары Клара Жұмабай «Абыздың жары» деректі фильмінде сыр шертеді. Жазушы, журналист, қоғам қайраткері Жұмабек Мұқан 4 бөлім барысында біртуар азаматтың сан қырын ашып, Әбекеңнің адами болмысын таныта түседі.