Кореяның төрт университетінде қазақ тілі кафедрасы ашылады

Кореяның төрт университетінде қазақ тілі кафедрасы ашылады

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы елшісі Дулат Бақышев БАҚ үшін брифингі барысында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастардың дамуы жағдай мен келешегі туралы сөз сөйледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Брифинг барысында Елші Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы көпқырлы ынтымақтастық барлық бағыттарда (экономика, инвестициялар, энергетика, мәдениет және т.б. салаларда) дамып келе жатқанын айтты.

– 90 жылдардың басында екі ел бір-бірі туралы аз білуші еді, 90- жылдардың ортасында екіжақты құқықтық базасын сапалы және перспективалы құжаттармен толықтыра бастадық. Осы ғасырдың бірінші онжылдығында біз стратегиялық әріптестік сатысына шығып, қазір Астана мен Сеул оны белсенді түрде кеңейтуде,- деді ол.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық шеңберінде елші бүгінгі күні Оңтүстік Кореяның көптеген жоғарғы оқу орындарында Еуразия және Орталық Азия бағыттарын, оның ішінде Қазақстанды зертейтін көптеген кафедралар ашылуда екенін хабарлады.

– Ханкук шет тілдер университетінде Оңтүстік Корея азаматтарының қазақ тілі мен еліміздің мәдениетін, тарихын тануына, оқуына мүмкіндік туып отыр. Аталмыш оқу орнында қазақ тілі кафедрасы ашылды. Мұндай бөлімшелер болашақта, Кореяның алдыңғы қатарлы оқу орындары: Ханьян, Кукмин, Каннам, Аджу және т.б. университеттерінде ашылмақшы,- деп нақтылады Дулат Бақышев.