9 ғана дыбыстан 90 сөз

9 ғана дыбыстан 90 сөз

Бүгінде тілді үйренемін, көп тіл білгім келеді деушілерлерге тілді жылдам әрі тиімді үйренуге түрлі әдістер бар. Бастапқы 137 сөз, одан кейін 500, 900 сөздер, сосын сөзді байланыстырушы қосымшалар тағы солай біртіндеп кете береді.

Өзіміз оқушы кезімізде «Х, О» ойынын ойнайтынбыз. Қоңырау соғыла қалса, жаныңдағы парталас немесе құрбыңмен ойнап отыратынсың. Осы бір ойынның ізіне салып, тіл үйренушілерге ықпал етіп көргім келді. Ол үшін қарапайым ғана жолмен кезектесе отырып, дыбыстарды ұяшықтарға орналастырсақ болды. Мысалы:

Ойынды үйреніп алу үшін, дыбыстарды кезек-кезек орналастырып, осы дыбыстардан сөз құрастыру қажет. Берілген 9 дыбыспен 90-нан аса сөз шығаруға болады (дыбыстар суретте көрсетілген ).


Ағын, ағыс, ағым, ағыт (у), алым, алыс, алғыс, алты, ас, асыл, асат, асым, атом, ат, аты, атыс (16 сөз)
Ғалым (1)
Лас, латын, лом (3)
Мас, мат, мал, ма?(шылау), мол, мола(бейіт), мосы, мына, мыс, мысал (10)
Намыс, Нас (сүре), нысан, нота (4)
Ол, от, Отан, отын, осы, осма, осал, осты, он, он алты, оған, оғлан (12)
Сағы, сағын, сағым, сан, сал, салт, салым, салон, санат, сат, сатыл, саты, сол, солғын, сот, соғым, соғыс, сом, сын, сына, сынал, сыла, сым (23)
Тағы, тал,тас,тасы,таны,таныс,таным,там,том,тон,тона,тос,толғам, тоғыс, тоғыт (у), тосын, тыл, тым, тыс (19)
Ыс, ынта, ым (ишара) (3).


Енді бұл ойынды сәл күрделендіріп ойнаймыз. «Х» болған адам дауысты дыбыстарды қояды. Ал «О» болған ойыншы дауыссыз дыбыстарды орналастырады. Яғни ойынның негізгі шартына сәйкес дауысты дыбыстар бірқатарда тігінен, көлденіңінен тұру керек. Сол сияқты дауыссыз дыбыстар да қойылуы тиіс. Бірақ ойыншылардың орналастыру орнына қарай жеңімпаз анықталатыны белгілі.

Осылайша 9 ғана дыбыстан құралған сөздерді тіл үйренушіге қайталатып, аудармасын сұрап, сөздерді тіркестіру және сөйлем құрастыру сынды тапсырмалар беруге болады.