Қызылордада Мұстафа Шоқайға ескерткіш орнатылады

Қызылордада Мұстафа Шоқайға ескерткіш орнатылады

​Облыстық бюджеттен бөлінген 49 млн. 346,0 мың теңгеге мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші жасалынды, деп хабарлады қала әкімдігі.

Алып ескерткіштің биіктігі — 6 метр, бүгінгі күні ескерткіш орнатуға толық дайын тұр.

Ескерткіш 3 натуралық өлшемде, қола материалынан құйылған. Авторы — Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Көшер Байғазиев.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласының орталығынан ескерткіштің орны белгіленіп, «Мұстафа Шоқай атындағы қоғамдық қордың» қаржысы есебінен биіктігі 6 метрді құрайтын гранит постаменттің құрылысы жүргізілуде. Ескерткішті орнатуға Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімімен келісім алынған.

дереккөз: Егемен Қазақстан