БАҚ-тағы қателерді қалай түзетуге болады?

БАҚ-тағы қателерді қалай түзетуге болады?

Мінекей, бүгін осы сауалға тіл мамандары жауап берді. Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы «БАҚ және тіл мәдениеті» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингте ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ф.ғ.д., профессор Шерубай Құрманбайұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ф.ғ.к., профессор, ҚР Журналистика академиясының академигі Қайрат Сақ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ф.ғ.к. профессор м.а Маржан Ахметова және «Қазақ» радиосының бағдарламалар директоры Құрал Оңғаров дәріс оқып, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілде ақпарат тарату, соның ішінде тіл нормасының сақталуы, сөйлеу мәдениеті, терминдердің бірізді қолданылуы мәселелері бойынша шеберлік сабақтарын көрсетті.

Шараға тіл білімі және журналистика саласының мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл саласына жауапты мамандар, телеарна, радио, газет және ақпараттық сайт тілшілері қатысты.

Семинар-тренингке қатысқан тілшілерге сертификат табысталды.