​Елбасының арманы

​Елбасының арманы

​Қоғам қайраткері Дос Көшім: - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде».

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығында: «15 жылда аюды үйретуге болады. Жүз қазақ отырған жерде бес орыс отырса, орысша сөйлейміз, біз сорлы халықпыз ғой. Кейде екі тілде сөйлеуге тура келеді маған, менің арманым бір тілде ғана сөйлесем екен, барлық қазақстандықтар соны түсінсе екен, деді... "Павлодар мен Петропавлдың аты біздің намысымызға тиетін аттың бірі, соны әлі ойлануымыз керек» деді редакторлармен кездесуінде.

Ең қызығы, біздің газеттер сондайды шығартқысы келмейді. Журналистер қорқа ма, білмеймін. Бұл Президенттің көзқарасы, жеке адамның көзқарасы. Ол да халықтың болашағына жүрегі ауырады, қазақ тілінің болашағына жүрегі ауырады. Әйтпесе мынандай сөзді айтпайды ғой. «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген сөз барлығына, бүкіл қазақстандықтарға айтылған сөз.

Гүлшат ХАМИТ