Кейкінің басы Венгрияда сараптамадан өткізіледі

Кейкінің басы Венгрияда сараптамадан өткізіледі

​​​Орталық мемлекеттік музейдің директоры Нұрсан Әлімбай 12 қазан күні Кейкі батырдың бас сүйегі антропологиялық сараптама үшін Венгрияға жеткізілетінін мәлімдеді. Музей басшысы құнды жәдігерді арнайы контейнерде алып барады.

Бұл туралы Baq.kz. хабарлады.

«Барлық сақтық шарасы қабылданады. Оған соққы болған күннің өзінде зақым келмейді. Контейнерге пломба салынған», - дейді Нұрсан Әлімбай.

Informburo.kz агенттігінің мәліметінше, дәл қазір бас сүйек Алматы Орталық мемлекеттік музейінде тұр.

6 қазан күні Кейкі батырдың бас сүйегі Қазақстанға жеткізілгені мәлім.

Осының алдында қоғам қайраткері, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы Фейсбуктегі парақшасында «антропологтар батырдың бет келбетін жасап болғасын, шамамен 1-2 ай көлемінде бас сүйек Қостанай облысының Амангелді ауданындағы арнайы салынған мазарға жерленетінін» айтқан еді.