«Тілдарын» республикалық олимпиадасы

«Тілдарын» республикалық олимпиадасы

​Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен    «Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ  «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізеді. 

Олимпиаданың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Олимпиадаға 18-22 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Олимпиада жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.

Өтетін орны,мерзімі:

Ақмола облысы, Бурабай ауданы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы

2016 жылғы 13-14 қазан