"Ой-сана" республикалық байқауы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен     «Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ «Қазақстан  Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында  орыс тілі білгірлерінің VIII республикалық «Ой-сана» байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты – қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілін оқуға деген құлшынысын арттыру, риторикалық дағдыларын дамыту, сөйлеу мәдениетінің деңгейін көтеру, орыс тілін еркін меңгерген дарынды жастарды насихаттау және оларға қолдау көрсету.

Байқауға облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары болған, 18-22 жас аралығындағы жоғарғы оқу орындарының студенттері, жалпы білім беру мекемелерінде, орта және орта арнаулы оқу орындарында қазақ тілінде білім алатын жастар қатысады.

Байқау шарты:

- Бірінші номинация бойынша жаңылтпаштарды мүдірместен оқу әрі анық айту;

- Екінші номинация бойынша берілген тақырыпқа орыс тілінде эссе жазу (жазбаша), диалог құрастыру (ауызша);

- Үшінші «Шабыт жұлдызы» номинациясы бойынша: орыстың халық әнін (заманауи әні) орындау немесе театрландырылған интерпретациядағы көркем шығармадан үзінді қою (пьеса, ертегі және т.б.).

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, диплом, алғысхат және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқау мәресі жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.

Байланыс телефондары: 8/7172/ 40-83-97, 87023768400

Өтетін орны: Астана қаласы, Абай даңғылы 13, «Іскер» бизнес орталығы

Өтетін уақыты: 2016 жылғы 23 қыркүйек, сағ - 10.00