Абай - қазақтың бойтұмары

Абай - қазақтың бойтұмары

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті үстіміздегі жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Халқы тілдері күніне орай Қазақстанның этнос жастары өкілдері арасында дәстүрлі «Абай оқулары» республикалық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің бірлігін нығайту.

«Абай оқулары» республикалық байқауына облыстық (қалалық) байқаулардың жеңімпаздары қатысады. Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа оқу, «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзіндіні көркемсөз оқу талаптарына сай орындау, Абайдың сөзіне жазылған немесе халық әнін шырқау бойынша сайысқа түседі.

Байқау жеңімпаздарын абайтанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінен құрылған қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Өтетін орны: Астана қаласы, Қазақ Ұлттық өнер университетінің
Ф. Шопен атындағы залы.

Басталуы: 10.00

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-09-85, 40-83-97, 8 701-109-76-14