Байқау бас қалада

Байқау бас қалада

«Ой-сана» орыс тілі білгірлері VIІI республикалық байқауының ережесі

Осы ереже байқаудың кезеңдері, өткізілу тәртібі, шарттары, қатысушылар, жеңімпаздарды іріктеу талаптарын және марапаттау шарттарын анықтайды.

І. Байқаудың құрылтайшылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Қазақстанның Орыс қауымы.

ІІ. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

 Қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілін таныту және оны оқуға ынталандыру;

 Орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау;

 Риторикалық дағдыларды, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру.

ІІІ. Жалпы ереже:

«Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің байқауы 2 кезеңде өтеді:

I кезең – өңірлік (2016 жылғы 2 наурыз – 16 тамыз аралығында облыстарда және Астана, Алматы қалаларында өткізіледі);

II кезең – республикалық (2016 жылы қыркүйекте Астана қаласында өтеді).

Байқаудың бірінші кезеңін өткізу шарттары:

Бірінші номинация: тыңдалым, орыс тілінің лексикасы мен грамматикасын білуге арналған 60 тест тапсырмасы;

Тест тапсырмасын орындау уақыты – 40 минут.

Екінші номинация: жазбаша және викторина бөліктерінен тұрады:

1) жазбаша бөлігі: ұсынылған үш тақырыптың біреуіне эссе жазу. Эссенің көлемі: 1,5-3 бет. Тапсырманы орындау уақыты – 30 минут.

2) викторина: қатысушылар орыс тілі, әдебиеті, мәдениеті, салт-дәстүрлері жайында викториналық сұрақтарға (25 сұрақ) жазбаша жауап береді.

Үшінші номинация: кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқу (үй тапсырмасы).

Байқаудың екінші кезеңін өткізу шарттары:

Бірінші номинация: жаңылтпаштарды өте шапшаң әрі анық айту (билеттік жүйе);

Екінші номинация:жазбаша және ауызша бөліктен тұрады:

1) жазбаша бөлігі: орыс тілінде эссе жазу (тақырыптар билет арқылы ұсынылады). Сонымен қатар эссеге қосымша ағылшын немесе байқауға қатысушы меңгерген басқа да кез келген (3-4 жолдан тұратын) шет тілінде түйіндеме жазу. Эссенің соңғы парағында мынадай ақпарат қамтылуы тиіс: аты, тегі, туған жылы, тұратын жері, оқу орнының атауы, мекенжайы. Эссенің көлемі: 1,5-2 бет. Тапсырманы орындау уақыты – 35 минут.

2) ауызша бөлігі: ұсынған тапсырма бойынша қатысушылар жұппен диалог құрады (билет алу арқылы).Ұзақтығы 3-5 мин.

Үшінші номинация: «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы: орыс халық немесе заманауи әнін орындау (үй тапсырмасы).

Орындау уақыты – 3-5 минуттан аспауы тиіс.

– немесе заманауи театрландырылған интерпретациядағы орыс тілінде қөркем шығарма үзіндісінің қойылымы (пьеса, ертегі, т.б.).

Орындау уақыты – 5-7 минуттан аспауы тиіс.

Байқауға қатысушы орындалатын музыкалық нөмірінің сүйемелдеуін таңдап, оны электронды тасымалдағышта немесе CD-дискіге жазып алып келуді қамтамасыз етеді.

ІV. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Байқауға жоғарғы оқу орындарында, жалпы білім беру мекемелерінде, орта және орта арнаулы оқу орындарында қазақ тілінде білім алатын 18-22 жас аралығындағы жастар шақырылады.

Байқауды өткізу тілі – орыс тілі.

Өңірлік конкурс комиссиясы республикалық кезеңге қатысуға бір үміткер жібереді.

Республикалық кезеңге қатысуға өтінішті Ұйымдастыру комитетінің ұсынған үлгісі бойынша толтырылған анкетасымен бірге Астана, Алматы қалаларының және облыстық тілдерді дамыту басқармалары жібереді.

Байқауға мамандандырылған мектептердің (дарынды балаларға арналған), лингвистикалық оқу орындарының оқушылары, сонымен қатар орыс тілінде оқитын жоғарғы оқу орындарының, жалпы білім және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, алдыңғы байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатыстырылмайды.

V. Байқауды ұйымдастыру және өткізу шарттары:

 Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті, Қазақстанның орыс қауымы өкілдерінен, орыс тілі филологтары және басқа да құзырлы ұйымдар өкілдерінен Ұйымдастыру комитеті жасақталады.

 Ұйымдастыру комитеті конкурсты өткізу формасы мен тәртібін анықтайды, қазылар мүшесін құрап, бекітеді, конкурс тапсырмаларының бағалау критерийлерін әзірлейді, конкурс тапсырмаларын тексеру және қазылар алқасы жұмысына көмегін тигізу үшін сарапшылар тобын құрады.

Байқаудың өтуі мен ұйымдастыруына байланысты барлық сұрақтарды шешуді үйлестіреді.

VІ. Қазылар алқасы

Қатысушылардың жұмыстары мен өнерлерінің сапасын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасының құрамы жасақталады. Қазылар алқасы тіл және мәдениет саласының беделді қайраткерлерінен, яғни бес адамнан тұрады. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделіп, байқаудың жабылу салтанатында жарияланады.

VІІ. Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау.

Қазылар алқасы конкурстың әр номинациясын ұйымдастыру комитетінің ұсынған критерийлері бойынша он баллдық жүйемен бағалайтын болады.

Республикалық байқауда жинаған ұпайдың нәтижесі бойынша Бас жүлде, 1, 2, 3 және 4 ынталандыру орын беріледі.

Жеңімпаздар, жүлдегерлер және байқауға қатысушылар алған орындарына сәйкес ақшалай сыйлықтар, диплом және алғыс хаттармен марапатталады.

Байқауға қатысушыларды дайындаған оқытушыларға сертификаттар беріледі.

Байқаудың сыйлық қоры мен алған орындарына сәйкес ақшалай сыйлықтың соммасы конкурстың Құрылтайшысы – Тілдерді дамыту мен қоғамдық-саяси жұмыс комитеті белгілейді.

Қазылар алқасының хаттамасына сәйкес сыйлықтар байқаудың жабылу салтанатында тапсырылады.

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8-үй, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті. Байланыс телефондары: 8(7172) 74-05-10, 74-04-56, 74-05-09 (тел/факс).