Полиглот жастар бақ сынамақ

Полиглот жастар бақ сынамақ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мемлекеттік қызметші жастар арасында «Тіл шебері-2016» республикалық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, қолдау. Үштілділікті насихаттау, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау.

Байқау «Мәдениеттаным», «Ұлттаным» және «Өнертаным» атты үш аталымнан тұрады.

Байқауға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан үміткерлер, құрметті қонақ ретінде ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығы, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Байқау жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.