«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының ЕРЕЖЕСІ

«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының  ЕРЕЖЕСІ

Акцияның мақсаты «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясын (одан әрі – Акция) өткізу мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт өкілдерін ынталандыру.

Акцияға қатысу тәртібі

Акцияға еліміздің 17 өңірінде мемлекеттік тілді жетік меңгерген Қазақстан халқының барлық жастағы этнос өкілдері қатыса алады.

14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының:

  • 5-8 сынып оқушылары;
  • 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері;
  • жоғарғы оқу орындарының (одан әрі – ЖОО) студенттері мен ересек тұрғындар;
  • Құқық қорғау органдарының, Ішкі істер органдарының өзге ұлт өкілдері қатысады.

Акция 4 кезеңнен тұрады

Бірінші кезеңде 5-8 сынып оқушылары, екінші кезеңде 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері, үшінші кезеңде ЖОО студенттері, ересек азаматтар және төртінші кезеңде құқық қорғау және ішкі істер органдары қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай қазақ ақындарының «Отан», «Туған жер», «Туған тіл», «Қазақ тілі» тақырыптарына жазылған өлеңдерінен үзіндіні мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2,5 минуттан аспауы тиіс), әлеуметтік желіде (Instagram) #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен таратуы тиіс.

Акция жеңімпаздары көрсетілген әлеуметтік желідегі «лүпіл» (лайк) саны бойынша анықталады.

Жарияланымда үзінді оқыған тұлғаның:

  • аты-жөні;
  • ұлты;
  • оқу немесе жұмыс орны;
  • байланыс нөмірі (ұялы телефон);
  • жетекшісінің аты-жөні;
  • ұсынып отырған қала немесе облыс атауы міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
  • қатысушы өлең жолдарын мәнерлеп жатқа оқуы тиіс. Қатысушының акция аясындағы материалы көркемсөз оқу талаптарына сай келмеген жағдайда, қазылар алқасының шешімімен «лүпіл» саны ескерілмейді;
  • қатысушы өлең жолдарын жаттауда қазақ тілінің орфоэпиялық және сингормонизм заңдылықтарына терең мән беруі керек (қатысушының жетекшісі осы процесті қадағалауы тиіс);
  • өңір бойынша барлық қатысушылар туралы ақпаратты жауапты маман (өңірлік тілдерді дамыту, білім басқармалары және тіл оқыту орталықтары) қадағалап отыруы керек (қатысушының өлеңді жаттауы, әлеуметтік желіде насихатталуы, таралуы, «лүпіл» жинауы);
  • «лүпілді» арнайы қосымшалар арқылы (бот, т.б.) қолдан көбейткен қатысушылардың лүпіл саны есепке алынбайды;
  • қатысушы бейнежазбада өлеңді жатқа (фонограммасыз) айту уақытын қатаң сақтап, ұзақтығын 2,5 минуттан асырмауы тиіс. Қазылар алқасы 1 минутқа дейінгі бейнежазбаларды қарамауға құқылы.

Кезең атауы

Қатысушылар контингенті

Акцияның басталуы

Акцияның аяқталуы

Қорытындалау күні

Бірінші кезең

Орта мектептердің 5-8 сынып оқушылары

3 мамыр

10 маусым

11 маусым

Екінші кезең

Орта мектептердің 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері

3 маусым

1 шілде

2 шілде

Үшінші кезең

ЖОО студенттері мен ересек тұрғындар

5 шілде

5 тамыз

6 тамыз

Төртінші кезең

Құқық қорғау және Ішкі істер органдарының қызметкерлері

6 тамыз

6 қыркүйек

8 қыркүйек

Қатысушыға қойылатын ерекше талаптар

Акция жеңімпаздарын анықтау және марапаттау

1. Акция жеңімпаздарын анықтау үшін құрамы кемінде бес адамнан тұратын қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде рәсімделеді.

2. Акция жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

3. Акцияның жеңімпаздары туралы ақпарат шара аяқталғаннан кейінгі 10 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Байланыс мәліметтері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 25-үй, «Аңсар» БО, 2-қабат, «Тіл-Қазына» ҰҒПО.

Шараның өткізілуіне жауапты тұлға: Әлім Сергібаев, 8(7172)27-30-43, 8(707)5333873.