«АҚЫЛДЫ ТЕНТЕКТЕР» – АМЕРИКАДА

«АҚЫЛДЫ ТЕНТЕКТЕР» – АМЕРИКАДА

«AQYLDY TENTEKTER» ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: МӨЛДІР БАҚЫТҚЫЗЫ, СЦЕНАРИЙ АВТОРЫ: АЯ ӘЛІМБАЕВА, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР: ДИЛЬШАТ РАХМАТУЛЛИН, РЕДАКТОРЛАР: ОРЫНАЙ ЖҰБАЕВА, НҰРЛЫХАН АИТОВА, САЗГЕР: ҒАЛЫМЖАН СЕКЕЕВ, ӘНШІ: ЕРДЕН ЖАҚСЫБЕКОВ, СӨЗІ: ЖАНАТ ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ, ДЫБЫС РЕЖИССЕРІ: РОМАН БУТАКОВ, СУРЕТШІЛЕР: АЗАМАТ ЖАҢАЛЫҚ, ҚУАНЫШ НАҒЫЗ, 3Д СУРЕТШІЛЕР: ДАНИЯР КҮЛБАШЕВ, ӘЛІМ МҰХАНОВ, АЛИНА БАЛҒЫМБАЕВА, ГЕРДА ТЕСЛЕНКО, 3Д СУПЕРВАЙЗЕР: АЛИХАН БАЙСАРОВ, 3Д АНИМАТОРЛАР: АЙДОС БАЙЖАСАРОВ, АЗАМАТ АЙТУҒАНОВ, ДАЯН БЕКСЕЙІТОВ, ӘЛІМ МҰХАНОВ, ЭЛИНА БАЙСАРОВА, ДАСТАН КІШКЕНТАЕВ, ДАНИЯР КҮЛБАШЕВ, АЛИХАН БАЙСАРОВ, ГЕРДА ТЕСЛЕНКО, АЙДАР ЖҰМАЖАНОВ, ӘКІМГЕР: ГҮЛМИРА АБЛАПОВА, КОМПОЗИТОР: ДАНИЯР КҮЛБАШЕВ, РӨЛДЕРДІ ДЫБЫСТАҒАНДАР: ДИНАРА ӘБІКЕЕВА, ТОЛҚЫН НҰРБЕКОВА, ӘЛИМА ҚАЙЫРБЕКОВА, ГҮЛНАРА ҚҰРМАНБЕКОВА Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тапсырысы бойынша әзірленді «Dala Animation» ЖШС . Нұр-Сұлтан, 2020ж

«Ақылды тентектер» жобасы АҚШ-та өтіп жатқан фестивальде үздік 50-ге еніп, жүлделі орынға ие болу мүмкіндігін алып отыр.

Американдық сарапшылардың фильм туралы пікіріне құлақ түрсек, анимация оларға қатты ұнаған, кейіпкерлері, жануарлар бейнесі, көркем пейзаждар таңдай қақтырғанын жасыра алмайды. «Ә» дегенде Наурыз туралы және оның қалай тойланатыны туралы бұрын-соңды білмеген деректермен мультфильм арқылы танысқанын, қазақ дәстүрлерімен кеңірек жүздескенін жарыса жазып жатыр.

Фондық музыканың ғажап екенін айтады.

Олардың айтуынша, кейіпкерлердің жарқын дауысы ішкі сезімін дәл бейнелесе, анимация мен субтитр басты оқиға желісінен ауытқымай аяғына дейін жетектеп отырады және ой тереңдігін береді.

Бұл шығармашылық команданың бірлескен жұмысының жемісі, керек болса, жеңісі.

Түнгі аспан аясында түрлі-түсті шамдары бар соңғы көрініс өте әдемі және жалпы финал сюжетті сәтті аяқтайды.