«КҮЛГІН» СӨЗІНІҢ ТӨРКІНІ

«КҮЛГІН» СӨЗІНІҢ ТӨРКІНІ

Күлгін (пар. гүл гүн گون گل ) – қызғылт. ⠀ Кигені күлгін бана еді, Арғымақ аттар мінеді. («Хикаят Көрұғлы сұлтан». Бабалар сөзі. 48-том. 2008. 100 томдық). ⠀ Қазақ тілінде «солғын түс», «буалдыр, бұлыңғыр» деген ауыспалы мағыналарда да қолданылады.

Фиолетовый - күлгін; көк

фиолетового цвета → күлгін түсті

фиолетовые чернила → көк сия

фиолетовый цвет → күлгін түс

1. Ашық емес, солғын түсті. ✔️

Көкқарғаның қанаты қара көк,

к ү л г і н көк, одан көгілдір, одан жасыл тартып, құлпырып, ойнап тұрады (Ш.Мұртазаев, Мылтықсыз.).

Жасыл, сары, көгілдір, көк,

к ү л г і н қызыл түсті сан сәулелер жалақтанып келіп ақ сәуле шашты (Қ.Сәрсекеев, Кілт.).

2. Буалдыр, бұлыңғыр. ✔️

Сәл бұлт шалған к ү л г і н ашық аспан астындағы кең далада Жанкелдин отряды созыла шұбап келе жатады (Қазақст. бейн. өнері).

Мен бар шоқпытымды үстіме іліп, құрым киізден істелген байпатымның сыртынан шарығымды шандып байлап, сыртқа шықтым.

Күннің беті к ү л г і н, жотарылап келеді екен (Ө.Қанахин, Жер бас.).