ОНЛАЙН ОЙТАЛҚЫ

ОНЛАЙН ОЙТАЛҚЫ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласындағы Отанымыздың бағдары мен белесі, танымы мен тағылымы, қоғамы мен құндылығы, ұлағаты мен ұстанымын байыптап саралаған салмағы бар пікірлер ешкімді бей-жай қалдырмайды. 2021 жылдың 20 қаңтарында Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы «Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығы» МКМ ұйымдастыруымен «Сөйлей білу – ниетте, тілді үйрену – құрметте» тақырыбында онлайн ойталқы өтті.

Мемлекеттік тіл – Қазақ елінде тұрып жатқан барша қазақстандықтарды, 130-дан астам ұлт өкілдерін біріктіруші күш екені баршаға мәлім.

Осы орайда, орталықтардан тілді меңгеріп шығып жатқан өзге ұлт өкілдері, оқып жүрген тіл үйренушілер Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында айтылған ойға қатысты пікір білдіріп, ойталқыға қатысты.