«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ»

«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР:  ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ»

2020 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер: қазақ тілінің инновациялық жобалары» тақырыбына онлайн сұқбат алаңын ұйымдастырады.

Ісшараның мақсаты –ағымдағы жылы жүзеге асырылған мемлекеттік тілді оқытудың инновациялық жобаларын және қазақ терминологиясын жетілдіру бағытындағы жобаларды таныстыру, насихаттау.

Сұқбат алаңында шетелдіктерге қазақ тілін үйретуге арналған «Қазақша үйренеміз» веб-қосымшасының оқу контенттерінің ерекшеліктері, шет тілдерін оқытудың креативті әдіс-тәсілдері, ІТ технологиялардың мүмкіндіктерімен қазақ тілін интенсивті оқытудың тиімділігі және қазақ терминологиясының жетістіктері жайлы ақпараттар көпшілік назарына ұсынылады.

Ісшарада Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Әдістеме, Ақпараттық технологиялар,Терминология және ономастика басқармаларыныңқызметкерлері инновациялық жобаларды жүзеге асыру барысындағы үздік тәжірибелерімен бөліседі.

Онлайн сұқбат алаңына еліміздегі облыстық Тілдерді дамыту басқармасы және Тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, ғалымдар, әдіскерлер мен оқытушылар қатысады.

Ісшара туралы төмендегі бағдарлама арқылы толығырақ таныса аласыздар.