​«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауы өтеді

​«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауы өтеді

1. Байқаудың мақсаты

1.1. «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт жастарын ынталандыру.

2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі

2.1. Байқаудың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті болып табылады.

2.2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде жарияланады.

3. Байқауға қатысу тәртібі

3.1. Байқауға еліміздің 17 өңірінде іріктеуден өткен, мемлекеттік тілді жетік меңгерген 21-35 жас аралығындағы этнос жастары қатыса алады.

3.2. Байқауға қатысу үшін үміткер алдын ала 3 минуттық қысқа метражды фильм ұсынуы тиіс. Фильмде:

- үміткермен қазақ тілінде қысқаша сұқбат;

- оқу орны немесе жұмыс орны туралы ақпарат;

- қоғамдық жұмысынан қысқаша көрініс;

- мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі;

- мәдениет, спорт және т.б. салада жеткен жетістіктері көрсетілуі қажет.

3.3. Байқау 2 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде қазылар алқасы байқауға қатысушылардан түскен бейнематериалдарды бағалайды.

Екінші кезең 2020 жылғы 14 қазанда онлайн режимде өткізіледі. Қатысушылар ұяшық таңдап, берілген тақырыпта ой толғайды (3 минут).

3.4. Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

4. Қорытынды ережелер

4.1. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін тіл мен әдебиет салаларының білікті мамандары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдерінен (бес адам) тұратын қазылар алқасы құрылады.

4.2. Байқауға қатысу туралы өтінім 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қабылданады (қосымшаға сәйкес).

4.3. Ұсынылған бейнематериалдар «Tilalemi.kz» порталындағы «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» айдарына орналастырылады.

4.4. Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.

4.5. Байқауға қатысуға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

4.6. Байқау материалдарын tilalemi.kz@gmail.com электронды поштасына жолдау қажет.


Өтінім үлгісі: https://drive.google.com/file/d/1ewzFYQraInvzTBfqN...


Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-23, 27-30-43, 8 (701) 710-89-80.