ТІЛ ҮЙРЕНУШІЛЕР ҚАТАРЫ ӨСІП КЕЛЕДІ

ТІЛ ҮЙРЕНУШІЛЕР ҚАТАРЫ ӨСІП КЕЛЕДІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл cаясаты комитеті «Қашықтан оқып, тіл үйрен!» акциясының алғашқы қадамдары туралы осындай қорытындыға келді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев республикалық «Ана тілі» газетіне арнайы берген сұқбатында: «Қазақ тілінде сөйлеу мақтаныш болуы үшін қоғамда оған деген қажеттілікті арттырған жөн. Мемлекеттік қызметке, оның ішінде, халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазымға тағайындау кезінде кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек. Парламентте немесе баспасөз мәслихаттарында мемлекеттік тілде сөйлеп, пікір алмаса алмайтын мемлекеттік қызметкер ұғымы, ең алдымен, қазақ азаматтарының арасында – анахронизмге айналуға тиіс», – деп атап көрсетті.

Өңірлердегі тіл үйрету орталықтары осы асқаралы міндетті жүзеге асыруға үлкен үлес қосып келеді.

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен ұйымдастырылып жатырған акцияның алғашқы аптасында Қызылорда, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша 45 оқытушы 3517 тыңдаушы оқытылуда, соның ішінде мемлекеттік тіл – көш басында. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2312 тіл үйренуші таңдаса, бұл көрсеткіш Қызылорда облысы бойынша – 268, Жамбыл облысы бойынша – 251 адамды құрап отыр.

Кезек – Қарағанды, Ақтөбе облыстарында.




Өзге өңірлер де кесте бойынша бұл тізімді толықтыра түседі.

Яғни, қашықтан тіл үйренушілер үшін кең өріс ашылады деген сөз.

МҮМКІНДІКТІ ЖІБЕРІП АЛМАҢЫЗ!