ЕЛІМІЗДІҢ ЖҮРЕГІ – ЕЛОРДАМЫЗ НҰР-СҰЛТАН

ЕЛІМІЗДІҢ ЖҮРЕГІ – ЕЛОРДАМЫЗ НҰР-СҰЛТАН

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айшықты қолтаңбасының бірі де бірегейі – еңселі Елордамыздың туған күні төл тарихымызға алтын әріппен мәңгілікке жазылды.

Әлемдегі ең әдемі астаналардың бірі, Қазақстанның Бас қаласы Нұр-Сұлтан – бүгінде еліміздің бойтұмарына айналды, барша қазақстандықтар үшін береке-бірліктің, жасампаздықтың символы болып танылады.

Халқымыз үшін Тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры – арайлы астанамыздың мерекесі құтты болып, жер бетіндегі жалғыз Отанымыз көркейіп дами берсін!