Шерубай Құрманбайұлының тіл туралы мақаласы

Шерубай Құрманбайұлының тіл туралы мақаласы

Тарих пен тіл байланысы туралы кеңінен сөз болады

"ТІЛДЕН БАСТАЛҒАН ТАРИХ САПАРЫ"

Осындай тақырыппен "Ана тілі" апталығының 11-17 маусымдағы №23 (1543) санында ҚР ҰҒА корр.мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлының көлемді мақаласы жарық көрді.

"Тілдің адам өмірінде атқаратын рөлі, алатын орны айрықша. Тіл – жеке тұлғаны ғана емес, тұтас ұлтты қалыптастырады. Адам баласы ғасырлар бойы жинаған тәжірибесі мен білімін, дүниені тану барысында көрген-білген, тапқан-таянғанының бәрін сол тілде сөйлейтін халықтың қазыналы сарайы – тіліне жинайды",– деп кең тынысты толғаумен басталатын алғашқы жолдарынан-ақ мақаланың ауқымын аңғаруға болады.

Толық түрде мына сілтеме арқылы таныс бола аласыздар: http://anatili.kazgazeta.kz/wp-content/uploads/2020-23.pdf