Microsoft компаниясының ресми тілдерінің біріне қазақ тілі қосылды

Microsoft компаниясының ресми тілдерінің біріне қазақ тілі қосылды

Бұл Google-дан кейінгі қазақ тілін қосқан екінші әлемдік компания, ­– деп жазады kaz-science.kz.

3 маусымда Microsoft компаниясы қазақ тілінің компанияның Microsoft Translator тілдер тобына қосылғанын жариялады. Компанияның аударма тілдер тобында қазір 60-тан астам тіл қамтылған. Қазақ тілі енді Microsoft аударма қосымшалары, қондырмалар, Office бағдарламалары, Bing аудармашысы және бизнестер мен бағдарлама әзірлеушілерге арналған Azure Cognitive Services аударма қызметінің тілі болып жұмыс жасайды.


Компанияның блогында: «Бүгін біз тілдік кедергілерді жою жөніндегі миссиямызды жалғастыра отырып Microsoft Translator тілдер тобына қазақ

тілін қостық деп қуанышты түрде жариялаймыз. Qazaqsha мен Qazaq Tilin Қазақстан, Батыс Қытай, Батыс Моңғолия, Ресейдің оңтүстігі және

әлемнің өзге де аймағында 22 миллионнан астам адам қолданады», – деп жазды.

Дереккөздің жазуынша, 2014 жылдың 12 желтоқсанында WikiBilim қоғамдық қоры қазақ тілінің Google компаниясы аударма қызметіне ресми түрде қосылғанын жариялаған еді. Бүгінде қазақ тілі аталмыш аударма құралындағы 109 тілдің бірі.