Шығыс Қазақстанда қазақ тілін ілгерілетуге бағытталған оқыту курсы өтті

Шығыс Қазақстанда қазақ тілін ілгерілетуге бағытталған оқыту курсы өтті

​«Лұғат» қоғамдық қоры мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» бірлесе отырып Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді ілгерілетуге бағытталған оқыту курсын ұйымдастырды.

Семинарды КИМЭП оқытушысы, Іскерлік әкімшілдік магистрі (MBA), жаттықтырушы Айтмағанбетова Шырын Әбдіғалиқызы, филология ғылымдарының кандидаты, іс-қағаздарына қатысты бірнеше кітаптың авторы Әбутәліп Орынғазы Мұратұлы, филология ғылымдарының кандидаты, тренер Дүсіпбаева Қарлығаш Советханқызы, «Лұғат» қоғамдық қорының басшысы Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы жүргізді.

Шараның мақсаты: үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді дамыту және олардың қызметіндегі мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыру.

Шарада үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу бойынша өңірлік оқыту іс-шараларын ұйымдастыру, SMM арқылы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру бойынша мемлекеттік тілде әдістемелік құралдарды дайындау және тарату секілді өзекті мәселелер қамтылды.