​Орфографиялық жұмыс тобының отырысы өтті

​Орфографиялық жұмыс тобының отырысы өтті

2020 жылдың 2 маусымында сағат 10.00 Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 21 қазандағы тапсырмасына сәйкес латыннегізді қазақ әліпбиін жетілдіру бойынша Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыстың мақсаты – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кейбір ғалымдары ұсынған әліпби жобасындағы әріптердің дыбыстық мәнін, фонетикалық, графикалық негіздемелерін, осы әліпбимен жазудың емле ережесі және пернетақта мәселесін талқылау.


Ағымдағы жылдың 29-31 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Орфографиялық жұмыс тобы мақұлдаған әліпби жобасы және А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кейбір ғалымдары ұсынған әліпби жобасы талқыланды. Талқылау барысында ғалымдар ғылыми дәйектемелерін ортаға салып, өз тараптарынан ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Талқылаудың нәтижесінен кейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кейбір ғалымдары ұсынған әліпби жобасы Орфографиялық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында қарастырылды.

Ісшараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Тіл саясаты комитетінің басшылығы, Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық және Әдістемелік жұмыс тобының ғалымдары, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, еліміздегі төтенше жағдайдан кейінгі сақтық шараларының қатаң сақталуына байланысты отырыс ғалымдардың тікелей қатысуымен және онлайн режімде де өтті.