​Ілеспе аударма жүргізу курсы басталды

​Ілеспе аударма жүргізу курсы басталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Нұр-Сұлтан қаласы, «Тұран» бизнес орталығында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында қазақ тілінен ағылшын, ағылшын тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізуді үйрету курсын бастады.

Шараны Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Қаба, Ш.Шаяхметов атындағы атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директоры Әлібек Асқар кіріспе сөзбен ашты.

Алғаш рет қазақшадан ағылшынша, ағылшыннан қазақшаға ілеспе аударма курсы ұйымдастырылып отыр.

Курста аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілер, сөздік қорын байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөліседі.

Курсты Еуразия ұлттық университеті аударма теориясы мен практикасы кафедрасының доценті, PhD докторы Ақнұр Төлеубаева жүргізуде.

Курсқа орталық және жергілікті атқарушы органдарының аудармашылары қатысуда.