​«Termincom.kz сайтын жетілдіру жолдары қарастырылды

​«Termincom.kz сайтын жетілдіру жолдары қарастырылды

«Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңының аясында 2020 жылғы 17-сәуір күні сағат 15.00-де Termincom.kz сайтының youtube каналында «Termincom.kz сайтының қызметі, оны жетілдірудің жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өтті.

Семинарда termincom.kz сайтының құрылымы, ішкі мазмұны, оны қолданудағы артықшылығы мен қиындығы талқыланды.

Онлайн-семинарға сайтты түзуші мамандардың бірі Рымбек Ізғали, сайт қолданушысы Қостанай облыстық Тілдарын орталығының әдіскері Айнұр Нұрбекова және ІТ саласының мамандары Әділбек Бөкетаев және Сымбат Әбдіқұлқатысты.

Онлайн-семинарды Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Терминология және ономастика басқармасының басшысы міндетін атқарушы Б.Ысқақ жүргізді. Іс-шарада «Тіл-Қазына» орталығының ғылыми қызметкері А.Қожахмет termincom.kz сайты бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сайтты түзуші Рымбек Ізғали сайттың техникалық мүмкіндіктері туралы баяндай отырып, насихат жұмысына қатысты нақты медиа-жоспар негізінде жарнама жұмыстарын күшейту қажеттігін баса айтты. Ал Айнұр Жомартқызы сайттың ішкі мазмұнына пікір білдіре келе, сайттың ішінде басқа да қажетті сайттардың сілтемесі болуы керектігін, ол уақытты тиімді пайдалануға жол ашатындығын нақтылай түсті.

Онлайн-семинарға тәуелсіз сарапшы ретінде шақырылған Сымбат Әбдіқұл мен Әділбек Бөкетаев сайттың сыртқы дизайны мен техникалық жағынан дамыту жолдарына сараптама жасады. Бағдарламашылар техникалық тұрғыда сайт өте ыңғайлы әрі халық үшін қолайлы екендігін атап айтты.