128 көшеге атау берілді

 128 көшеге атау берілді

Ақтөбе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен облыстық мәслихаттың шешімі негізінде ономастикалық саланы біріздендіру мақсатында Ақтөбе қаласының 128 атаусыз көшесіне атау беріліп, идеологиялық тұрғыдан ескірген 4 көше қайта аталатын болды.

Аршын, Бестас, Керегетас, Алтын арқа, Сұлутал, Ордабасы, Бестерек, Ақжазық, Күнгей, Ақкент, Бесшағыл секілді маңызды тарихи-мәдени ұғымдар, географиялық атаулармен қоса, қазақ мәдениетінің символы, сондай-ақ көрнекті саясаткерлер, жазушылар мен зиялы қауым өкілдерінің есімдерін, қоғамда патриоттық рухты арттыру мақсатында Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әйгілі қоғам және мемлекет қайраткерлерінің есімдерін ұлықтау ұсынылды.

Қабылданған шешім жаңа көшелерде орналасатын және жобаланатын үйлерге заңды мекенжайларын қоюға, Ақтөбе қаласының мекенжайлық тіркеліміне жаңа көшелерді енгізуге мүмкіндік береді. Жаңа көшелердің тұрғындары белгіленген мекенжайлары бойынша коммуналдық қызметтерге келісімшарт жасаса алады, сондай-ақ жедел жәрдем, пошта және т.б. қызметтерді пайдалана алатын болады.