«Күн сәулесі» жобасы басталды

«Күн сәулесі» жобасы басталды

Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған «Күн сәулесі» жобасының ашылу өтті.

Арнайы қазақ тілі курсының мақсаты зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың танымдылық, әлеуметтендіру деңгейлерін көтеру және мәдениетаралық қатынас дағдылары деңгейін арттыру.

«Күн сәулесі» жобасы бойынша қазақ тілін оқыту курстарында тыңдаушылар қазақ тілін, мәдениетін, ұлттың салт-дәстүрін арнайы Брайл жүйесіне негізделген оптикалық құрылғылар, тифлоқұрылғылар, релефті-графикалық (соқырларға) және жазық баспалы (көзі нашар көретіндерге) оқу құралдары және жаңа ақпараттық технологиялар арқылы үйренеді. Сабақ барысында әртүрлі жағдаяттарда лексикалық минимумдар қолданылған дыбыстық аудиожазба құрылғысына жазылған сөйлеу моделдері, көзі көрмейтіндерге арналған арнайы әлеуметтік-белсенді және рефлексивті оқыту әдістері мен технологиялары қолданылады.

Аталмыш шараға 30 көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар қатысуда. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.