«Жаңа емле: бейтарап көзқарас, тәуелсіз талқы» атты республикалық онлайн семинары өтеді

«Жаңа емле: бейтарап көзқарас, тәуелсіз талқы» атты республикалық онлайн семинары өтеді

Өтетін күні, уақыты: 2019 жыл, 28 тамыз. сағат 11.00. Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7а

2019 жылдың 28 тамызында Ш.Шаяхметов атындағы «ТІЛ-ҚАЗЫНА» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа емле: бейтарап көзқарас, тәуелсіз талқы» атты республикалық онлайн семинары өтеді. Латын графикасына негізіндегі емле ережелерінің толықтырылған нұсқасын тәуелсіз сарапшылар талқысынан өткізу, ғалымдар ғана емес, әліпбиді қолданатын қоғамдағы күнделікті кәсіби өмірде жазу-сызумен айналысатын мамандар, журналистер және өзге сала мамандарының көзқарас-пікірі, ұсыныс-сауалдары тыңдалады. Халықтың әліпби реформасын оң қабылдауын қамтамасыз ету үшін әртүрлі сала мамандарымен ғылыми-практикалық байланыс орнату, тәуелсіз сарапшылардың ескертпе, ұсыныс-пікірлерін орфографиялық жұмыс тобына ұсынылады.