«Жаңа емле: бейтарап көзқарас, тәуелсіз талқы» атты республикалық онлайн семинары өткізілді

«Жаңа емле: бейтарап көзқарас, тәуелсіз талқы» атты республикалық онлайн семинары өткізілді

2019 жылдың 28 тамызында Ш.Шаяхметов атындағы «ТІЛ-ҚАЗЫНА» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа емле: бейтарап көзқарас, тәуелсіз талқы» атты республикалық онлайн семинары өтті.

Сарапшы мамандар тарапынан бірқатар ұсыныс пікірлер айтылып, авторларға жолданды. Сарапшылар тарапынан бірқатар мәселелер көтеріліп, семинарға қатысушылар талқысына салынды. «Қазақстан» ұлттық арнасының бас редакторы, ТМД Журналистер Конфедерациясы сыйлығының лауреаты Қайнар Олжай «Журналистика және сауаттылық», Ұлттық аударма бюросының бас редакторы, Саясаттану бойынша философия докторы (PhD)

Мұхтар Сеңгірбай «Кірме сөздер емлесіндегі артықшылықтар мен кемшіліктер» «Алматыкітап» баспасының бас редакторы Өмірзақ Әбдішүкірұлы «Жаңа емле және қазіргі қазақ оқулықтары» «Егемен Қазақстан» газетінің корректоры Гүлназ Аймұхамбетова «Емле ережесі және сауаттылық» тақырыбында баяндама жасады.