​«Әдістемелік алаң – тәжірибе алмасу» атты онлайн семинар өтеді

​«Әдістемелік алаң – тәжірибе алмасу» атты онлайн семинар өтеді

Өтетін орны: Нұр-сұлтан қ., Сауран көшесі 7 «А», Мәжіліс залы Өтетін уақыты: 2019 жылғы 8 қараша, сағат: 10.00

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылдың 8 қарашасында «Әдістемелік алаң – тәжірибе алмасу» республикалық онлайн семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты – Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығы, Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, Қостанай қаласы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тілді оқытудағыоқу-әдістемелік ресурстарымен (оқу бағдарламалары, оқу құралдары, оқыту әдістемесі, инновациялық өнім) таныстыру арқылы өзара тәжірибе алмасу, оқытудың біріздендіру жолдарын қарастыру, орталықтың оқытушы-әдіскерлерінің шығармашылық ізденістерін ортаға салу және мемлекеттік тілді оқыту бойынша озық идеялар ұсыну.

«Әдістемелік алаң –тәжірибе алмасу» республикалық онлайн семинарындамемлекеттік тілді оқытудың жаңа мүмкіндіктері, мекеме қызметшілерінің кәсіби тілдік құзыреттілігін қалыптастыру, нәтижеге бағытталған оқыту мәселелері көтеріледі.

Семинарға еліміздің барлық облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшылары, оқытушылары, әдіскерлері және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасы қызметкерлері, Нұр-Сұлтан қаласы Тілдер басқармасы "Руханият" орталығының мамандары, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының әдіскер-ғалымдарықатысып, өзара тәжірибе алмасады.

Байланыс телефондары:8(7172) 273044, +77478586217