Республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі- терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізеді.

Байқауда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жыл Жастар жылы деп жариялануына және Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына орай тақырыптық бағыттардағы шығармаларды еліміздің 14 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан бір-бір үміткерлер орындап, өз бақтарын сынайды.

Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты - жаңа жыр-термелерді тудыру арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлес қосу.

Іс-шараға өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады.

Байқауда жыршы-термешілермен бірге танымал әншілер өнер көрсетеді.

Өткізілетін орны: Қызылорда қаласы,89, Қазыбек би көшесі, 21, А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі.

Өткізілетін уақыты: 2019 жылғы 9 қараша, сағат – 14:00

Байланыс телефоны: 8778 805 8059