Жаңа әліпбиді оқыту әдістеріне байланысты онлайн семинр өтті

Жаңа әліпбиді оқыту әдістеріне байланысты онлайн семинр өтті

2019 жылғы 16 қазанда Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Латын графикасына негізделген оқытудың әдістері»тақырыбындағы облыстық онлайн семинар өтті.

Онлайн семинарда Павлодар қаласы және Тереңкөл ауданының қазақ тілі оқытушылары қатысты. Дәріс барысында қатысушылар қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларын талқылады.

Аталған шарада дәріс оқушы тыңдаушыларға қазақтілінің жаңа әліпбиін оқытудың жаңа әдістері туралы ақпараттарды берді.

Жалпы онлайн-байланыс арқылы ұйымдастырылған семинарға 50 адам қатысты.