«Іс жүргізу және аударма» атты облыстық семинар өтті

«Іс жүргізу және аударма» атты облыстық семинар өтті

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 2019 жылғы 9 қазанда Баянауыл ауданындаіс жүргізушілерге, аудармашылар мен қазақ тілі мамандарына арналған облыстық көшпелі семинар ұйымдастырды.

Аталған шараның пленарлық бөлімінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін оқыту мәселелері және қазақ тілін оқыту жөніндегі типтік бағдарлама мен стандарт талаптарын іске асыру үшін оқытушылардың жұмысындағы негізгі бағыттары қарастырылды.

Көшпелі семинардың практикалық бөліміне Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Б.Сағындықұлы жәнеқазақтілінмеңгеругеарналғанкурстардың, көптегеноқу-әдістемелікқұралдардың авторы Ш.Д.Кинжикова семинарға қатысушыларына дәріс оқыды. Дәріс барысында латын әліпбиін енгізудің тиімді әдістері, терминология және ресми құжаттарда терминдерді қолдану, аудармадағы жиі кездесетін орфографиялық, пунктуациялық ережелерді ескеру мәселелері талқыланды.