«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты семинар өтеді

«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты семинар өтеді

Өтетін жері: Алматы қаласы, Қабанбай көшесі, 85 үй, «Алматы» мәжіліс залында 3 қазан, 2019 жылғы сағат 10.00

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығыағымдағыжылдың 3 қазаны күніАлматы қаласында«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбындағы жаңа әліпби емелесін түсіндіру бойынша БАҚ және баспа қызметкерлеріне семинар ұйымдастырады.

Республика көлеміндежаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарыныңмаңызы өте зор.

Семинар мақсаты – латыннегіздіқазақәліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын,емле нормаларының ғылыми негіздерін бұқаралық ақпарат және баспа беттерінде түсіндіре алатын білікті мамандар дайындау.

Тыңдаушыға қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы,графикасы мен құрамы,қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат беріледі

Жаңа емле ережелерін үйрету барысында инновациялық педагогикалық технологиялар менәдіс-тәсілдердің ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк қағидалары қолданылады.

Семинарға Алматы қаласындағы БАҚ және баспа қызметкерлері қатысады.


Байланыс телефондары: 8 (7172) 27-71- 32, 8 775 818 2772