​«Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті

​«Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті

Үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарға қолдау көрсету, қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру мақсатында 2019 жылы 20 қыркүйек күні Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті.

«Тілдарын» облыстық олимпидасына 18-22 жас аралығындағы облысымыздың қала, аудандарынан келген білімді де таланты жастар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен өз білімдерін шыңдады.

Қатысушылар төрт кезеңнен тұратын үш тілде берілген тапсырмалардың мазмұнын ашып, эссе жазып, сондай-ақ ілеспе аударма жасай отырып, өз білімдерін ортаға салды.

Қатысушылар өздерінің білімдерімен ғана емес, сонымен қатар тапсырманы орындау барысында өзіндік шығармашылық тәсілдерімен олимпиаданы қызықтыра түсті.

Жоғары оқу орындарынан арнайы шақырылған ғалымдардан құрылған әділқазылар алқасының құрамы үміткерлердің білімдерін бағалау барысында тілді меңгеру деңгейіне, жазу сауаттылығы мен мазмұндылығына, жауаптың орамдылығына және толықтығына назар аударды.

Әділқазылар алқасымен үш тілді жетік меңгерген жеңімпаздар анықталып, олимпиада нәтижесі бойынша Железин ауданының өкілі Жүнусова Әлия бас жүлдегеиеленді. І-орынға өз білімін жоғары дәрежеде көрсеткен Шарбақты ауданынан Қазбек Аяуылым лайықты деп танылса, ІІ орынды Павлодар қаласынан Қанатова Адия, ал ІІІ орынды Тереңкөл ауданнан Әміренова Үмітиеленді.

Барлық қатысушылар басқарманың арнайы алғыс хаттарымен, ал жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.