Тіл жанашырларына құрмет көрсетілді

Тіл жанашырларына құрмет көрсетілді

«Биыл «Тіл туралы» заң­ның қабыл­дан­ғанына 30 жыл толып отыр. 1989 жылы 22 қыркүйек­те ел тари­хында тұң­ғыш рет «Қазақ Кеңес­тік Социа­листік Респуб­ли­ка­сының тіл туралы» заңы қабылданды.

Бұл – ана тіліміздің көк­жиегін кеңейтуге бастау болған алғашқы қадам еді. Ал еліміз Тәуелсіздік алып, өз алдына дербес, егемен мемлекет болғанда, 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конс­титуциямызда қазақ тілі – мем­лекеттік тіл болып бекі­тілді. Соның нәтижесінде ана тілі­міз ұлтаралық қатынас тіліне айналып, ресми құжат­тар мемлекеттік тілде жазылатын болды.

Ана тіліміздің абыройын арттырып, айбарын асыр­ған, мәртебесін бекітіп, ме­рейін өсірген атаулы датаға бай­ланысты республика шең­бер­ін­дегі тіл жанашырлары­на Пре­зидент Қасым-Жо­март Тоқаевтың Алғыс хаты берілді. Ақорда резиден­ция­­сында Мемлекет басшы­сы­ның ықыласын Президент Әкім­шілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев жеткізді.

Марапатталғандар қа­та­рында Мырзатай Жолдасбек, Өмірзақ Айтбаев, Мұхтар Шаханов, Амангелді Айталы, Смағұл Елубай, Асылы Ос­ман, Сәуле Мешітбай, Сайлау Ба­тыр­­шаұлы, Кенжехан Маты­­­жанов, Мереке Құл­ке­нов, Шәм­шидин Пәттев, Дос Көшім, Қай­нар Олжай, Ка­мал Әлпейісова, Еркін Қы­дыр, Владислав Тен, Максим Рожин секілді мем­лекеттік тіл­дің кең көлемде қол­да­нылуына елеулі үлес қосып жүр­ген жүзден астам азамат бар. Сонымен қатар «Ана тілі» ұлт апталығы, «Жас қазақ» қо­­ғамдық-саяси газеті мен Ал­маты облыстық «Жетісу» теле­­арнасының «Тіл сақшы­сы» бағдарламасының ұжым­дары­на да Алғыс хат тапсырылды, деп хабарлады Пре­зи­денттің баспасөз қызметі.