​Латыннегізді жаңа әліпби: құрылымы, ерекшелігі, жазылымы

​Латыннегізді жаңа әліпби: құрылымы, ерекшелігі, жазылымы

Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Латыннегізді жаңа әліпби: құрылымы, ерекшелігі, жазылымы»тақырыбындағы облыстық онлайн семинар өтті.

Семинар барысында Қазақ гуманитарлық заң университетінің филология ғылымдарының кандидаты Динаева Б.Б. Павлодар ауданы, Баянауыл,Успен аудандарының қазақ тілі оқытушыларына іс-жүргізу мәселелері туралы дәріс оқыды.

Онлайн семинарда латынграфикасы негізінде қазақ әліпбиін оқыту мәселелері талқыланды. Дәріс оқушылар тыңдаушылырға жаңа әліпбидің құрылымы, ерекшеліктері туралы ақпараттар берді.