Бірлесе көтерген жүк жеңіл

Бірлесе көтерген жүк жеңіл

​Тілдерді дамыту басқармасы мен кәсіпкерлер палатасы арасында меморандум.

Ақтөбеде 2019 жылғы 6 қыркүйекте облыстық Кәсіпкерлер палатасы мен Тілдерді дамыту басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмақ.

Меморандум мәні - мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, қолданыстағы Қазақстан Республикасының Тілдер туралы заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету,ақпарат мәтіндерін дайындау ісінде әдістемелік көмек көрсетубағытында кәсіпкерлермен ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Жиын барысында қатысушы жарнама агенттіктері өкілдеріне ҚР заңнамасының міндеттері түсіндіріліп, Ақтөбе қаласындағы сыртқы жарнама және көрнекі ақпараттардың сапа деңгейі талданбақ.