Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойы тойланады

Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойы тойланады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жыл­дық мерейтойын дайындау және өт­кізу және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік ко­миссия құру туралы Қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өт­кізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып, Білім және ғылым министрлігі бел­гіленсе, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып Мәдениет және спорт министрлігі белгі­лен­ді. Ал ел Үкіметі мерейтойлар жоспарының жо­басын Мемлекеттік комиссияның қарауына 2019 жылғы 1 қазанға дейін енгізуге міндеттелді.

Екі алыптың мерейтойын атап өтуге арнал­ған комиссия құрамына Мемлекеттік хатшы (төраға), Президенті Әкімшілігінің Басшысы (тө­рағаның орынбасары), Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі (төрағаның орынбасары), Мемлекеттік хатшы хат­шылығының меңгерушісі, (комиссия хат­шысы), сондай-ақ бірқатар комиссия мүшесі енді.