Латын қарпі негізіндегі қазақ тілі курстарының үшінші маусымы басталды

Латын қарпі негізіндегі қазақ тілі курстарының үшінші маусымы басталды

Бүгін Павлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Ана тілі» орталығында ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын жүргізу және Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындабарлық санаттағы азаматтарға арналғанлатын қарпі негізіндегі қазақ тілі курстарының үшінші маусымы басталды.

Шараның мақсаты – жаңа әліпби негізінде дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілінің орфографиялық, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық нормаларын үйрету.

Сабақтар«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес бекітілген латын әліпби бойынша өткізіледі. Сонымен қатар «Егемен Қазақстан» газетінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы санында жарияланған 2018 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссиямен мақұлданған «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» қолданылатын болады.

Курстарға мемлекеттік қызметшілер, денсаулық сақтау саласының мамандарыжәне барлық санаттағы азаматтар қатысатын болады.