Көсемше жұрнақтарының жаңа емледегі жазылу тәртібі

Көсемше жұрнақтарының жаңа емледегі жазылу тәртібі

Тоқсан тексеру мен сексен сараптамадан өтіп, үкімет отырысында мақұлданған емле ережелердің кейбір тұстары әлі де қайта қарауды қажет етеді. Мәселен«ıy, ıi әріп тіркестеріне аяқталған етістікке көсемшенің ı (-й) жұрнағыжалғанғанда,екіıәрпіқатаржазылады:baıy–baııdy, keıi – keııdi, moıy –moııdy»дегенпараграф қазақ тілі мамандарына түсініксіз. Ол әріптер (й) неге қатар жазылуы керек? Түбір етістіктің соңғы дыбысы қайда жоғалып кетті? Сонда баййды дегенде үш дауыссыз дыбыс қатар тұра ма? Әлде қатар тұрған екі й-дың бірін бұрынғыдай дауыстыдеп өзімізді алдаймыз ба? Неге байы, кейі, мойы – деген түбірлердің соңғы дыбыстары көсемшенің-п жұрнағы жалғанғанда толық сақталады (байы+п, кейі+п, мойы+п) да, ал -й жұрнағы жалғанғанда түбірдің соңғы дыбысын ит жеп кетеді?Көсемшенің -й, -п жұрнақтары түбірдің жуан-жіңішкелігіне қарамастан кез келген дауысты дыбысқа аяқталған түбір етістікке талғамай жалғанады емес пе? Неге бірінде олай,бірінде былай жазу керек деген жасанды норма қойып отырмыз? Бұл қалай? Сұрақ көп.Алдымен көсемше жұрнақтарының жалғану тәртібіне назар аударайық.

Бұл қазақ тілінің өзіндікерекшелігі. Қосымшалар бір-біріне жалғанғанда дыбыстық өзгерістерге ұшырап кетпейді. Қосымшалардың әрқайсысы негізінен бір ғана грамматикалық мағына білдіре отырып, бірінің соңынан бірі қатаң реттік тәртіппен жалғанады, бірақ олардың ара жігі айқын көрініп тұрады.Қандай қатаң тәртіп, қандай жетілген жүйе. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары Бакуде өткен Түркілердің алғашқы сиезінде мүйізі қарағайдай орыс тіл білімі мамандарының алдында олардың әліпбиін, әліпби жасаудағы ұстанған принциптерін, жалпы тілінің жүйесін сынай келе, былай дейді: «Я хорошо знаю из наших языков киргизский и казакский. Эти языки – самые стройные. Здесь звуковые законы очень строги, каждый звук в конце слова дает такую же реакцию, какую дает химический элемент. Это самый совершенный, самый стройный язык». Кестеге қайта қараңызшы. Қазақ тіліндегі көсемше жұрнақтары да тіліміздегі басқа қосымшалар сияқты осы темірдей қатаң тәртіпке бағынады. Тілдің осы табиғи жүйесін кириль әрпіне арнап емле түзушілер (атың өшкірлер)кезінде қолдан бұзды. Той, тай, сүй, күй және т.б.й дыбысына аяқталатын етістіктердің атау тұлғасын тою (той+у), таю (тай+у), сүю (сүй+у) , күю (күй+у) түрінде таңбалау керектігін жазу нормасы етіп енгізді және олардың көсемше тұлғасын тоя бастады, қоя салды деп я әрпімен жазуды міндеттеді. Мұндағы мақсат ̶ орыс тіліндегію, я таңбаларының қазақ тіліне де жат еместігіне жұртты сендіру. Ол кезде «ұлы» орыс тілінің ықпалын насихаттау міндет болса, ал қазір әліпбиімізде белгілі бір себептермен уақытша қалып қойған бөтен төрт әріпті:«Бұлдыбыстар бізде бар. Біздің тіліміз осы дыбыстар арқылы А. Байтұрсынұлы дәуіріндегіден әлдеқайда байыды»,̶ деп жүрген тілші мамандарға қарап, қарның ашады. Тілдің ішкі заңдарына сүйенбей, саясаттың ықпалымен жасалған тұжырымдары баянсыз, шикі болатындығынаөресі жетпейді, мүйіздері қарағайдай болса да...
Тілдің жүйесі өте қатаң, оны қолдан бұзу мүмкін емес. Мәселен, кезінде й дыбысына аяқталатын етістіктің жіңішке түбірлері көсемше тұлғасында яәріпін қабылдамады. Қой ̶ Қоя берді дегендегі қазақ сөзіне я-ны сіңіру әдісі, сүй-сүйе берді дегенде өтпей, жарамай қалды. Тіліміз я әрпін дыбыстың жіңішке таңбасы ретінде қабылдамады. О баста бұл таңба орыс тілінде адыбысының жіңішке қолданысын белгілеуге алынғанымен, біздің тілдің жүйесіне жіңішке дыбыстыңтаңбасы ретінде үйлеспеді. Өйткені біздегі көсемше етістік жіңішке е дыбысымен тұлғаланады. Салыстырыңыз: қо+яберді, сүй+еберді. Бір жұрнақтың жуан, жіңішке нұсқаларын екі түрлі таңбалауға болмайтынын біле тұра, қазақ сөзінің ішіне я, ю әріптерін зорлап кіргізу үшін кезінде үнемдеуді сылтау етіп, тілдің табиғи жүйесін күштеп бұзып, жазуда осындай жасанды ережелер жасадық...

Емле ережедегідей көсемшенің жазылуын бұлай бір шағын ережеменжол-жөнекей айта салуға келмейді. Қысаң дауыстыға аяқталатын етістіктер тек байы, кейі, мойы ғана емес, ондап саналады. Торы, қоры, жоры, тасы, жасы, қасы, оқы, тоқыжәне т.б.Бұлардың барлығына тіл жүйесін бұзып, түбірдің соңындағы қысаң ы, і дыбыстарын себепсіз қысқартып, дауыссыздан кейін жалғануға тиісті көсемшенің -и жұрнағын шұнтитып жалғасақ (тас+и, оқ+и, тор+и, қас+и), онда тілдің темірдей ішкі заңын қолдан бұзған боламыз. Кеңес кезіндегіге көндік, ал қазіргімізге не жорық?! Құлдық санадан әлі де арыла алмағанымыз ба? Біздің тілдің табиғатына келмейтін жалпы тіл біліміндегі жалпақ теориялармен уланып, менбілемдікке салып, типологиясы бөлек тілдердегі ішкі флексия құбылысын қазақ тіліне де қолдан енгізіп, тілдің жүйесін бұзған ережелер қазір күресенге кетіп жатқанда бұнымыз не?Еліміздің бүткіл бюджеті осы қысаң дауыссыздарды үнемдеп жазуға қарап қалса да, тілдің ішкі заңын бұлай қасақана бұзуғабола ма? Бұл білімсіздік пе, әлде зиянкестік пе?

Біздіңше, дауыстыға аяқталатын етістіктерге қимыл атау тұлғасын жалғауда да, осы көсемше жүйесі сақталуы керек. Өйткені тұйық етістік көрсеткіші де көсемше, есімше, рай тұлғалары сияқты етістік түбіріне тікелейжалғанып, түбірдің дауысты-дауыссызға аяқталуына және жуан-жіңішкелігіне қарай қатаң тәртіпке бағынады. Қараңыз:

Үнемдейміз деп барлық етістікке бір ғана -у жұрнағын жалғау, барлық көсемшеге қысаң дауыстыларды үнемдеп бір ғана -п жұрнағын жалғаумен бірдей: той→ тойп→тойу→; сүй → сүй→сүйп→сүйу, байы→байп→байу; кейі→кейп→кейу және т.б. Қайталап айтайын, бұл тілді қолдан бұзу болады.

Иә, емле жобасында бұл ережені білгіштер менбілемдікке салып, ескіше қалдырған екен. Бұған көп ғалым қарсы. Мен де. Дауыссыз имен у-дың алдындағы қысаң дауысты дыбыстарды (і, ы, ү, ұ) түсіріп жазу бірді-екілі маманның шешетін шаруасы емес, үнемдейміз деп мәселенің тек экономикалық жағын ғана басты өлшеушек ретінде ұстануға болмайды. Бұндай қадамның сөздің морфем құрамын, буын жігін анықтауда, сөз тасымалдауда, ең бастысы үндесім заңының бұзылуына, әсіресе кірме сөздердің қазақ тілінің дыбыстық заңына икемделуіне тигізер кері әсерін парықтап барып, көп болып, әбден ойланып шешуіміз керек.