Ақтөбеде бірегей жоба

Ақтөбеде бірегей жоба

Ақтөбе облысы аумағында кездесетін топонимдер мен антропонимдер сөздігі шығарылды. Сөздікте 1000 атауға, оның ішінде 720 топоним мен 280 антропонимге анықтама берілген.

Жоба «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыты бойынша жүзеге асырылуда.Бұл сөздік Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының көпжылдық жүйелі жұмысының бір көрінісі.

Ғылыми зерттеу негізінде жасалған бұл еңбек – облыс аумағындағы атаулар жөнінде қысқа-нұсқа ақпарат береді.Топонимдер мен антропонимдер қоғам өмірі, халық тіршілігімен тығыз байланысты. Сол себепті аталмыш еңбек ғылыми-тарихи маңызға ие.

Сөздік әдебиеттанушы, тілші, тарихшы, географ ғалымдарға, мұрағат және мұражай қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдардың қызметкерлеріне, орта, орта арнаулы және жоғары оқу орны студенттеріне, магистранттарға, докторнаттарға, ізденушілерге, мектеп оқушыларына,мұғалімдерге, өлкетанушыларға және қалың оқырмандарға арналған.